Қосшыда Мемлекеттік кірістер басқармасы ашылды

1122

Биыл жаңа департамент 1,4 млрд теңге көлемінде салық жинауды жоспарлап отыр.  

Қосшыда Мемлекеттік кірістер басқармасы ашылды

Қалада Мемлекеттік кірістер басқармасы құрылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өткен жылы шілдеде Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Бүгінде шаһарда 54 мыңнан аса адам тұрады.

"Бүгінде қалада Мемлекеттік кірістер басқармасы ашылды. Ол Республика көшесі, 3/3 үйде орналасқан, оның ауданы – 200 шаршы метр. Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін жаңа мемлекеттік орган Open space форматында жұмыс істейді. Салық төлеушілердің қолайлылығы және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін салық есептілігін қабылдау орталығында электрондық кезек жүйесі бар", – деп жазылған МКК таратқан хабарламада.

Қосшыда МКБ тіркеуге жататын салық төлеушілердің жалпы саны – 22 мың адам.

"Есепке тұру үшін салық төлеушілерге ешқандай өтініш жіберудің қажеті жоқ, бәрі автоматты түрде жүргізіледі. Басқармадағы штат саны – 12 қызметкер. Мемлекеттік кірістер басқармасының құрамында 3 бөлім – салық төлеушілермен жұмыс бөлімі, салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімі, сондай-ақ есеп, талдау және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс бөлімі жұмыс істейді. Олар мемлекеттік қызметтің 44 түрін көрсетеді", – деп жазылған хабарламада.

Биыл жаңа басқарма бюджетке 1,4 млрд теңгеден аса салық жинауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұрын Қосшы тұрғындары мемлекеттік қызметті алу үшін қаладан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Целиноград ауданы Ақмол ауылынан баратын еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу