Қосшыда жол жиегінен нәрестенің денесі табылды

92

Бұл туралы ақпарат алғаш рет әлеуметтік желілерде тарады.

Қосшыда жол жиегінен нәрестенің денесі табылды Фото: canva

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында жол жиегінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол шетінде жатқан пакеттің ішінен шамамен 6-7 айлық шарананың денесі табылған.

Осы жайтқа байланысты облыстық полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тиісті тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр, – деп мәлімледі Ақмола облыстық ПД.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу