Қостанай қаласында тағы 30 тұрғын үй жылусыз қалды

603

Қостанай қаласының ықшамаудандарының бірінде магистральдық жылу жүйесінен ақау шықты.  

Қостанай қаласында тағы 30 тұрғын үй жылусыз қалды Фото: kstnews.kz

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл бір ай ішінде екінші рет қайталанған апат, деп хабарлайды inbusiness.kz kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

"Аэропорт" шағын ауданындағы екі мыңнан астам пәтер жылусыз қалды. Магистральдық жылу жүйесінде тағы ақау орын алды. Нәтижесінде, қаладағы 30 көпқабатты үй мен бір жатақханада жылу өшірілді.

Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көпқабатты тұрғын үйлер кешкі сағат 20:00-ге дейін жылусыз қалады.

Еске салайық, бұған дейін жылу жүйесіндегі апат 5 желтоқсан күні орын алған, оқиға орнына жұмылдырылған жұмыскерлер апатты жағдайды екі аптадан кейін жөндеуге кіріскен. Нәтижесінде 30 үй, мектеп, әуежай ғимараты жылусыз қалды. Бұған дейін жылумен қамту мекемесі Герасимов көшесінің бойындағы ұзындығы 985 метр жерасты жылу магистралін қайта жаңғыртуды талап еткен еді. Бүгінде бұл жөндеу жұмыстары 988 млн теңгеге бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу