Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалды

113

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.    

Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамалды Фото: akipress.org

Оқиға 22 маусымға қараған түні, жеке уақытта демалыс күні болған, деп жазады inbusiness.kz сайты жергілікті "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы аталған жайтты азамат ретінде мінез-құлық нормаларын бұзу деп бағалап отыр, бірақ кәсіби міндеттерін атқарумен байланысты емес екенін атап өтті.

– Сот шешімі орындалған соң, қызметкермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, тиісті кадрлық шешім қабылданады. Біз әрбір азаматтың, лауазымына және мәртебесіне қарамастан, жеке жауапкершілікке ие екенін және заң алдында бәрі тең екенін айтқымыз келеді, – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Облыстық соттың баспасөз қызметі бас дәрігерге 15 тәулік әкімшілік қамау және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалғанын мәлімдеді.

Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан. Іс материалдарында медициналық куәландыру қорытындысы, тоқтату орнынан бейнежазба және полиция қызметкерлерінің рапорты ұсынылған.

Медицина мамандарының қорытындысына сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу