Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

96

Ол білім, мәдениет, спорт, қоғамдық даму және дін салаларын қадағалайтын болады.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары тағайындалды Фото: gov.kz

Президент әкімшілігінің келісімімен Қостанай облысы әкімі өкімінің негізінде Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақытжан Нарымбетов 1986 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Саясаттану" мамандығы бойынша білім алған. Сондай-ақ, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін иеленген.

Азаматтық қоғам институттарында еңбек ету тәжірибесі мол. 2007-2013 жылдары Астана және Алматы қалаларындағы әртүрлі үкіметтік емес ұйымдарда жұмыс істеген.

2013-2018 жылдары Орал қаласы әкімі аппаратында бас инспектор және бөлім басшысы қызметтерін атқарып, қалалық ішкі саясат бөлімін басқарған.

Кейін Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында стратегиялық даму бөлімінің бас инспекторы әрі басшысы болып еңбек етті. Сонымен қатар, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2018-2019 жылдары Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2019-2021 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

2021-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу