Қостанай облысында 2 мотоцикл мен КамАЗ соқтығысып, 1 адам қаза тапты

347

Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді.

Қостанай облысында 2 мотоцикл мен КамАЗ соқтығысып, 1 адам қаза тапты Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында жүк көлігі мен екі мотоцикл соқтығысқан жол апатынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға Тобыл қаласындағы Семин көшесінде болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі солға бұрылу кезінде екі мотоциклмен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан бір адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, тағы бір адам ауруханаға жеткізілді", – деп мәлімдеді полиция.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріледі, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жолда барынша мұқият болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу