Қостанай облысында 2 шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды

196

Құқық бұзушылықтар "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды.

Қостанай облысында 2 шетел азаматы ел аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды Фото: Видеодан скриншот

Қостанай облысында миграциялық заңнаманы бұзған 2 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылатын болды. Мұндай шешімді полиция жинақтаған материалдарды қарағаннан кейін сот қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2 шетелдік азамат Қазақстанда тіркелу тәртібін бұзып, арнайы рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметімен айналысқан.

Сот шешімімен олар ел аумағынан шығарылды. Заңнама талаптарын елемеген тағы екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен олардың әрқайсысына 75 687 теңге көлемінде айыппұл салынды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 151 374 теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары облыс аумағында миграциялық бақылауды күшейту және заңсыз көші-қонның алдын алу бағытындағы рейдтерді әрі қарай жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу