Қостанай облысында 230 кг есірткі тәркіленді, 33 адам жауапқа тартылды

369

Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлім етті.    

Қостанай облысында 230 кг есірткі тәркіленді, 33 адам жауапқа тартылды Фото: naqtygazeti.kz

Жыл басынан бері Қостанай облысында есірткі қылмыстарына қарсы жүргізілген жұмыстар нәтижесінде заңсыз айналымнан 230 килограмм есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ 180 есірткі сайты мен 100 граффити-жазу жойылып, 2,9 мың банк шоты бұғатталды.

Қылмыстық қудалау аясында екінші деңгейлі банктердегі жалпы сомасы 194 млн теңге болатын қаражатқа сот шешімімен тыйым салынған. Қазіргі уақытта 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, олардың 13-і есірткі өткізгені үшін, 2-і есірткі жарнамалағаны үшін жауапқа алынған.

Мәселен, Жітіқара қаласының тұрғыны интернет арқылы есірткі заттарын жарнамалап, таратумен айналысқаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында оның Telegram арқылы есірткі саудасына байланысты интернет-дүкен қызметіне қатысқаны, сондай-ақ TikTok пен Instagram желілерінде жарнама таратумен айналысқаны анықталды. Тінту кезінде тұрғылықты жерінен 790 грамнан астам синтетикалық есірткі табылған.

Құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесінде өңірде есірткі қылмыстарының саны 213-тен 134-ке дейін, яғни 37 пайызға азайған. Есірткі сақтау фактілері 101-ден 61-ге, өткізу фактілері 69-дан 41-ге дейін төмендеген.

Қазіргі уақытта өңірде есірткі қылмыстарына қарсы профилактикалық және жедел-іздестіру шаралары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу