Қостанай облысында 28,6 мың жалған АҚШ доллары тәркіленді

434

Түркия Республикасынан елімізге 30 мың жалған АҚШ доллары әкелінген. 

Қостанай облысында 28,6 мың жалған АҚШ доллары тәркіленді Фото: google

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ел аумағына АҚШ  долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізу және таратуды жүзеге асырған қылмыстық топты құрықтады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

"Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды. Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Түркия Республикасының Құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған", - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Қазақстанға әкелінген 30 мың жалған АҚШ долларының ішінде 28 600-ы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу