Қостанай облысында 38 млн теңгеден астам субсидия негізсіз алынған

260

Прокуратура 363 гектар жайылым жерді мемлекетке қайтарып, заңсыз төленген қаржыны өндірді.  

Қостанай облысында 38 млн теңгеден астам субсидия негізсіз алынған Фото: Егемен Қазақстан

Алтынсарин ауданының прокуратурасы жүргізген қадағалау барысында ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорны Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабы мен "Жайылымдар туралы" заңның 14-бабы талаптарын бұза отырып, мал жаю және жем-шөп дайындау үшін қажетті мал басын ұстамай, жайылым жерлерді пайдаланған. Атап айтқанда, бір кәсіпорын 363 гектар жайылымды нысаналы мақсатына сай пайдаланбаған.

– Бес шаруашылық асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға бөлінген 38 млн теңгеден астам субсидияны ірі қара малдың аналық басын екі жыл бойы сақтау жөніндегі міндеттемелерін орындамай алған, – делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілері негізінде заң бұзушылықтар жойылып, жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Сондай-ақ бұрын төленген субсидиялар толық көлемде өтелді.

Қайтарылған жер учаскелері арнайы жер қорына енгізіліп, алдағы уақытта азаматтарға шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін қайта бөлінетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу