Қостанай облысының Қарабалық ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты "Алматы – Екатеринбург" автожолының 318-539 шақырым аралығында, Қарабалық кентінен Ресей Федерациясының шекарасына дейін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осыған байланысты "Челябинск – Тәжікстан" бағытымен келе жатқан автобус жолда тоқтатылды. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 44 адам, оның ішінде 12 бала, жедел түрде жылыту пунктіне орналастырылды.
Төтенше жағдайлар қызметі қолайсыз ауа райы кезінде жолға шығар алдында автожолдардың жағдайын нақтылап, өзіңізбен бірге жылы киім мен қуатталған ұялы телефон алып жүруге кеңес береді.