Қостанай облысында 75 жастағы әйел пәтерінен арқанмен түспек болған

497

Қостанай облысының Қашар ауылында 75 жастағы зейнеткер 4-қабаттағы пәтерден төсек жапқыштарынан жасалған арқанмен төмен түспек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Қостанай облысында 75 жастағы әйел пәтерінен арқанмен түспек болған Фото: Бейнежазбадан

Оны байқаған куәгерлер полицияға хабарласқан.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Әубәкіров жеткен. Ол дереу пәтерге көтерілгенмен, оның есігі жабық болыпты. Содан кейін полицей жоғарыдағы қабаттағы көршілерінің пәтеріне көтеріліп, зейнеткер әйелмен сөйлесе бастаған. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлының есікті сыртынан кілттеп, жұмысқа кеткенін айтады.

Есікті аша алмаған әйел сыртқа балконнан төсек жапқыштарымен түскісі келген.

Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді, оның қосымша кілті болды, - деді учаскелік полиция қызметкері.

Көп ұзамай, шұғыл істермен кетуге мәжбүр болғанын айтқан ұлына да болған оқиға туралы хабарланған. Ол анасын мазаламау үшін сыртынан жауып кеткен.

Ер адам учаскелік полиция қызметкеріне уақытында көмек көрсеткені және ықтимал қайғылы жағдайдың салдарын болдырмағаны үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу