Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

630

Бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық іс аяқталды, деп жазады inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында 96 млн теңге бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды

"ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сенімін теріс пайдалану және алдау жолымен ауыл шаруашылық тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында субсидия түрінде, соның ішінде картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаражатын бірнеше рет жымқырған азаматқа қатысты қылмыстық істі аяқтады. Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 96 млн теңгені құраған", – деп жазылған агенттің хабарламасында.

ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу