Қостанай облысында бидай түсімі былтырғыға қарағанда 4 есе аз

2156

Ылғалдың жетіспеуінен 20 пайыз егін құрғап қалған.

Қостанай облысында бидай түсімі былтырғыға қарағанда 4 есе аз

Қостанай облысында егінді жинау науқаны биыл қиындық туғызуы мүмкін. Себебі өңірде ылғалдың жетіспеуінен 20 пайыз өнім  құрғап қалған, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Алқапқа бидай еккендердің бірі Бейімбет Майлин ауданындағы қожалықтың иесі Олег Саламатов. Оның айтуынша өңірде жазда жауын бір-ақ рет жауған. Салдарынан бидай алқабы былтырғыға қарағанда 4 есе аз. Сондай-ақ, биыл астық ұсақ болғандықтан, шаруа қожалықтары тұқым сатып алуға бөлек қаржы жұмсамақ.

"Егістік былтырғы жылмен салыстырғанда 4 есе аз. Былтыр орта есеппен 15 центнер астық алынса, биыл 4 центнер. Бар ойымыз сатқандағы құны қуантатын шығар. Қазірдің өзінде 70 тен сатуға ұсыныс келіп жатыр",– дейді Олег Саламатов.

 Былтыр бидайдың тоннасын 60 мыңнан сатса да,  шаруалардың көңілінен шықпаған. Себебі, бұл сома шығындарын жабуға жетпеген. Сондықтан бүгінгі нарықта  астықтың құны ең кемі  85-90 мыңнан саудалануы керек деп есептейді.

Әзірге диқандар бағаның төмендігінен бидайды тапсыруға асықпай отыр. Облыс басшылығы болса ешқандай көмек көрсете алмаймыз дейді.

"Барлық 38 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының материалдық-техникалық базасы жұмысқа дайын. Оған 15 мың тоннадан астам астық әкелінді. Биыл 5 млн га егістік алқабының 1 млн 700 мың гектары құрғақшылықтан зардап шекті, оның басым бөлігі облыстың оңтүстік аудандарында орналасқан",– дейді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы Ілияс Ағайдаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу