Қостанай облысында білім бөлімінен бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

248

50 млн теңгеден астам сатып алу конкурссыз жүргізілген.

Қостанай облысында білім бөлімінен бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды Фото: aikyn.kz

Қарабалық ауданында жүргізілген прокурорлық тексеру барысында 8,7 млн теңгенің мектеп жабдықтары мен оларды сатып алуға бөлінген қаражаттың жоқтығы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұдан бөлек, 50 млн теңгеден астам сомаға тауарлар конкурстық рәсімдерсіз сатып алынған.

Тексеру нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғаның 768 мың теңгені кіріске алмағаны, сондай-ақ құны 8,7 млн теңге болатын мектеп жабдықтары мен оларды сатып алуға бөлінген 744 мың теңгенің жоқтығы белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Кейін келтірілген залал толық өтеліп, қылмыстық іс рақымшылық жасау актісі негізінде тоқтатылды.

Сонымен қатар жалпы құны 50 млн теңгеден асатын тауарлар конкурстық рәсімдерсіз сатып алынған. Тексеру кезінде жабдықтардың талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар мен кепілдік міндеттемелері де болмаған.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылып, жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу