Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Жолда Mercedes-Benz E 200 және ВАЗ-2107 автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өліміне әкелген екі көліктің соқтығысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz E 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу