Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

663

Күдікті қамауға алынды.

Қостанай облысында ер адам әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен ұсталды Фото: Қостанай облысы ПД

Қостанай облысында 45 жастағы ер адам әйелі мен енесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы HALYQSTAN Телеграм арнасы жазды.

Қайғылы оқиға Қарабалық аудан орталығында болған. 45 жастағы ер адам өз әйелі мен енесін өлтірді деген ақпарат тарады. Оның 10 жастағы ұлы жарақат алған. Күдіктінің балалары оқиға болған жерден қашып құтылған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, оқиға 15 шілде күні кешке болған. Күдікті қамауға алынды. 

Жергілікті тұрғындар күдіктінің оқиға орнына жақын маңдағы сарайдан табылғанын айтқан. Оның денесінен пышақ жарақаттары анықталғаны туралы да ақпарат тарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу