Қостанай облысында құс фабрикасының 5 мыңнан астам құсы жанып кетті

843

Рудныйдағы "Жас-Қанат 2006" құс фабрикасында өрт болды.

Қостанай облысында құс фабрикасының 5 мыңнан астам құсы жанып кетті

ТЖД баспасөз қызметі берген ақпаратта электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған өрттен ғимараттың 110 шаршы метр аумағы отқа оранған. Оқыс оқиға салдарынан базадағы 5126 бас құс жанып кеткен, деп хабарлайды 24.kz.

"Адам шығыны жоқ. Қызыл жалынмен күреске жеке құрамдағы 32 адам мен 6 техника жұмылдырылып, екі сағат аралығында толық сөндірілді", ­–  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу