Қостанай облысында мәслихат депутаттары сайланды

1244

Қостанай облысында мәслихат депутаттары сайланды

Арқалық қаласы мен Таран, Денисов, Сарыкөл және Қостанай аудандарында тұрғындар  мәслихаттар депутаттарын сайлады, деп хабарлайды 24kz.

Аталмыш округтердегі халық саны 8 жарым мың шамасында. Бес депутаттық орынға 15 үміткер болған. Шараны ұйымдастыру мен өткізуге 20 сайлау комиссиясы қатысты.

"Науқанның барлық кезеңдері, сондай-ақ қажетті сайлау рәсімдері белгіленген мерзімде жүзеге асырылып, көрсетілген тәртіппен өткізілді. Ал тұрғындар саяси шараға белсенді қатысты", - дейді орталық сайлау комиссиясының мүшелері.

"Көргенім сайлау уческелері дайындығы, бүгінгі өтіп жатқан сайлауда бәрі заңға сәйкес болды. Халық риза. Орталық сайлау комиссиясында Қостанай облысының дайындығын ерекше атап өтемін. Облыстық комиссия мүшелерінің пікірлерін орталыққа жеткізем. Сосын оларды талқылап, хабарын қайта жібереміз", – дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу