Қостанай облысында өндірістік жарақаттанудың 26 дерегі есепке алынбаған

283

22 медициналық хабарлама бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілмеген.  

Қостанай облысында өндірістік жарақаттанудың 26 дерегі есепке алынбаған Фото: gov.kz

Қостанай облысында 2024–2025 жылдар және 2026 жылдың өткен кезеңінде өндірістік жарақаттанудың есепке алынбаған 26 жағдайы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан 16 қызметкер қаза болған.

Бұл туралы Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

Жиында қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың сақталуы талқыланды. Өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейі төмендегенімен, жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеп-тексеру сапасында бірқатар мәселе бар екені анықталған.

Медициналық ұйымдардың 22 хабарламасы бойынша арнайы тергеп-тексеру жүргізілмеген. Ал тәртіп бұзылған 8 тергеп-тексеру бойынша қабылданған шешімдер сот тәртібімен жойылған.

Сонымен қатар ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар болған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полиция мен Еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын ықпалдастырып, мәліметтерді тұрақты салыстыру ұсынылды.

Бұдан бөлек, азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініш толық көлемде қаралмаған.

Анықталған заң бұзушылықтардың барлығы бойынша прокуратура прокурорлық ден қою шараларын қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу