Қостанай облысында ауа температурасының -28-30°C дейін төмендеуі және желдің күшеюіне байланысты 2026 жылғы 22 қаңтарда бірқатар елді мекендерде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қостанай қаласындағы колледждерде бірінші ауысымның 1-2 курс студенттері онлайн оқуға көшті. Ал 3-4 курс студенттерін қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешімді колледж директорлары дербес қабылдайды.
Сондай-ақ ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласы мен Білім бөліміне қарасты елді мекендердегі мектептердің бірінші ауысымында оқитын 1-11 сынып оқушылары қашықтан білім алуда.
Алтынсарин және Бейімбет Майлин аудандарында да -30°C дейінгі аязға байланысты 0-11 сынып оқушылары үшін бірінші ауысым онлайн форматқа ауыстырылды.