Қостанай облысында шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті

288

Оқиға бойынша тергеу басталды. 

Қостанай облысында шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті Фото: kp.ru

Қостанай облысында Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі "Соколовская" шахтасында жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компанияның хабарлауынша, шахтадағы скреперлі лебедка машинисі бақылаусыз жарылыс салдарынан жарақат алған. Қазір зардап шеккен жұмысшыға қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Полиция мәліметінше, "Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу