Қостанай облысында зейнеткерді тонаған шетел азаматшасы ұсталды

474

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қостанай облысында зейнеткерді тонаған шетел азаматшасы ұсталды Фото: kstnews.kz

Қостанай облысында зейнеткер әйелді тонаған шетел азаматшасы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазан айының аяғында Жарма ауданының Полиция бөлімшесіне Қалбатау ауылының 73 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түседі. Айтуына қарағанда, белгісіз әйел оның үйінің ауласында қолынан құны 500 мың теңге болатын алтын сырғаны ұрлап кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қаскүнемнің жеке басын анықтады. Оның Ресей Федерациясының 27 жасар азаматшасы екендігі анықталды. Күдікті жауап алу кезінде кінәсін мойындап, ұрлаған затты қайтарды", - деп жазылған хабарламада.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу