Қостанай облысында жасөспірім Тобыл өзеніне батып кетті

106

Аталған оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Қостанай облысында жасөспірім Тобыл өзеніне батып кетті Фото: tochka-na karte.ru

Қайғылы оқиға өткен демалыста болған. Рудный қаласындағы ойын-сауық саябағының аумағында, яғни Тобыл өзенінің ескі арнасында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 2008 жылғы жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Іздестіру кезінде баланың мәйіті жағалаудан 90 метр қашықтықта 3,5 метр тереңдіктен табылды. Құтқарушылар марқұмды судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды, – делінген Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Ведомство азаматтарды тағы да су маңында демалу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу