Қостанай облысында "жеңіл табыс" іздеген азамат сотталды

255

22 жастағы азамат белгісіз адамдардың нұсқауымен арнайы жабдық орнатып, қылмыстық әрекетке араласқан.

Қостанай облысында "жеңіл табыс" іздеген азамат сотталды Фото: vestnik19.kz

Қостанай облысының Рудный қаласында заңсыз жолмен табыс таппақ болған 22 жастағы тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сот анықтағандай, жас жігіт Telegram арқылы байланысқан белгісіз адамдардың тапсырмасымен Sim-Box құрылғысын, ноутбук, роутер және ұялы байланыс операторларының SIM-карталарын сатып алған. Кейін ол жабдықты іске қосып, үшінші тұлғалардың оған қашықтан қол жеткізуіне жағдай жасаған.

Sim-Box құрылғысы абоненттік нөмірлердің сәйкестендіру деректерін өзгертуге мүмкіндік береді. Мұндай жабдық көбіне телефон арқылы жасалатын алаяқтық және өзге де заңсыз әрекеттер үшін қолданылады.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Рудный қалалық сотының үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 213-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Прокуратура азаматтарға SIM-карталарды сатып алу, арнайы құрылғыларды орнату және оларды белгісіз адамдардың пайдалануына беру арқылы "оңай табыс" табу әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу