Қостанай облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

372

Mazda мен Chevrolet Cobalt көліктерінің соқтығысуынан тағы үш адам жарақат алды.  

Қостанай облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты Фото: Қостанай облыстық ТЖД

Қостанай облысында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, Mazda және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар үш адам түрлі дене жарақатымен медициналық көмекке жүгінді.

Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта жол апатының себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, ауа райы мен жол жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдықпен жүруге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу