Қостанай облысында жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз басқарған азамат ұсталды

81

Полицейлер құқық бұзушыны бірден көлік басқарудан шеттетіп, оған қатысты әкімшілік іс қозғады.  

Қостанай облысында жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз басқарған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полиция қызметкерлері Федоров бағытындағы автожолда патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу дерегін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында тіркемесі бар жүк көлігін жүргізуші куәлігінсіз азаматтың басқарғаны белгілі болды.

– Тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ азаматты рейске жіберген жұмыс беруші де анықталды. Осыған байланысты ол да әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Полиция мұндай заң бұзушылықтардың жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретінін ескертті. Тіркемесі бар жүк көлігін басқару үшін тиісті жүргізуші куәлігі мен кәсіби дайындықтың болуы міндетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу