Қостанай облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді

494

Әкімнің айтуынша, істі болған орынбасары Гүлбарам Мұсағазина 11 ақпанда өз өтініші бойынша қызметінен босатылған.      

Қостанай облысының әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді Фото: ng.kz

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов "ТобылИнфо" басылымына орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Өздеріңізге белгілі, Гүлбарам Мұсағазинаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, мемлекеттік орган тергеу барысына араласпайды және қандай да бір баға бере алмайды. Барлық мән-жайлар объективті әрі жан-жақты қаралады деп сенемін", – деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі Қостанай облысы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу