Қостанай облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 33 пайызға кеміді

708

Қостанай облысының  ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 33 пайызға кеміді

2017 жылғы қаңтар-тамызда Қостанай облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 714,9 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 33,4%-ға кем, соның ішінде экспорт – 379 млн АҚШ доллары (32,2%-ға артты), импорт – 335,9 млн АҚШ доллары (34,7%-ға артты). Бұл туралы ҰЭМ статистика комитеті хабарлайды.

Қостанай облысының экспортының басым бөлігін минералды өнімдер құрайды. Ал ЕАЭО елдерінен машина, жабдық, көлік құралы, аспап пен аппарат секілді заттар тасымалданады. Сонымен қатар, мал мен өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауары (17,9%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (17,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (16,6%) әкелінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу