Қостанай өңірінде егіс алқаптарына қауіп төніп тұр

830

Қостанай өңірінде егіс алқаптарына қауіп төніп тұр

Биыл Қостанай облысының егін алқаптарындағы өнім мөлшері жоғары. Алайда жаз басталғалы өңір жаңбырдан көз ашпады. Бұл жергілікті диқандардың алаңдаушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар: "ылғал егіннің пісуін тежеп, астық ауруларының жаппай таралуына сеп болуы мүмкін", – дейді. Қазірдің өзінде облыс бойынша 470 мың гектар алқапта септориоз, тат белгілері байқалған. Былтыр Қостанай облысының солтүстік аудандарындағы алқаптардың 80%-ын ауру жайлаған еді. Соның салдарынан көптеген шаруалар шығынға батты.  

Биыл облыс бойынша 477 мың гектарға улы химикаттар бөлінген. Қазіргі межеленген көлемнің жартысы өңдеуден өтті. "Ауруға қарсы тұруға қанша дайынбыз" десе де, жағдайдың күрделі екендігін жауапты мамандар да мойындайды. 

Шілде айында өңірдің солтүстік аудандарындағы егіс алқаптарында ылғалдың мөлшері тиісті нормадан 2-2,5 есеге артық болып тұр. Ал ауа райын болжаушылар алдағы аптада тағы бір циклонның келе жатқандығын айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу