Қостанайда 4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі

886

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осындай міндеттеме алғандарын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қостанайда  4,5 мың пәтер пайдалануға беріледі

"Біздің облыс 449 мың шаршы метр тұрғын үйді, шамамен 4,5 мың пәтерді пайдалануға беру бойынша міндеттеме алды. Жыл басынан бері 163,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына инвестиция салу көлемі 11,8%-ды құрады. Бұл – 19,2 млрд теңге", – деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімінің айтуынша, "Аэропорт", "Юбилейный" шағын аудандарының құрылысы аяқталуға жақын. "Қонай", "Береке" жаңа шағын аудандарында құрылыс жүріп жатыр.

"Биыл аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан 72 пәтер сатып алуға республикалық бюджеттен 603,5 млн теңге бөлінді", – деді Архимед Мұхамбетов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу