Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні өткізу үшін тоқтағаны көрінеді. Алайда сол сәтте жеңіл көлік жүргізушісі зейнеткерді байқамай, қағып кеткен.
Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, реттелмейтін өткелде жолды кесіп өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен. Әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, "Жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.