Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

316

Бұл мәліметті облыстық Полиция департаменті растады.

Қостанайда 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Қостанай қаласында 86 жастағы қарияны өлтірді деген күдікпен жасөспірім қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметінше, 86 жастағы қарияның мәйіті аулалардың бірінен табылған. Марқұмның пышақ жарақатынан көз жұмғаны белгілі. Күдікті ретінде ұсталған бозбала уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, 30 қазан күні Көбеев көшесінде зейнеткердің көз жұмғаны хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу