Қостанайда 86 жастағы кейуана ас әзірлеймін деп өртене жаздады

218

"112" қызметіне Чехов көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.  

Қостанайда 86 жастағы кейуана ас әзірлеймін деп өртене жаздады Фото: Видеодан скриншот

ТЖМ қызметкерлері 2 қабаттағы пәтерлердің бірінде ас плитасында тамақтың жанып кеткенін анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Пәтер ішінде қалың түтіннің пайда болып, көршілес тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.

Өрт сөндірушілер үш сатылы баспалдақ арқылы терезеден кіріп, 1938 жылы туған қарт әйелді құтқарды.

Құтқарушылар кейуананы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығының мамандары жетіп әжейді толық тексеріп шықты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу