Қостанайда адам өліміне себепші болған мотоцикл жүргізушісіне үкім шықты

354

Ер адам 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қостанайда адам өліміне себепші болған мотоцикл жүргізушісіне үкім шықты Фото: Хабар24

Қостанай аудандық сотында мотоциклді мас күйінде айдап, абайсызда адам өліміне себепші болған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады inbusiness.kz kst.sud.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 4 сәуір күні Қостанай ауданы Московский ауылында жүргізуші К. мас күйінде мотоциклді айдап, қарсы жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан мотоцикл кузовының жолаушы орындығында отырған жолаушы Л. алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

“Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, сотталушыны 10 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады”, - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу