Қостанайда алапат өрттің шығыны есептеле бастады

568

Жедел комиссия құрылып, іске кірісті. Ресми мәлімет бойынша 12 үй, 3 жеңіл, 1 ауыр көлік отқа оранды.

Қостанайда алапат өрттің шығыны есептеле бастады

Әкімдік бұл өрт оқиғасын қалалық ауқымдағы төтенше жағдай деп жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

9 мамыр күні Тобыл жағалауында шыққан от қамысқа тиіп, жанындағы үйлерге тараған. Алапат өрттен ресми мәлімет бойынша 13 отбасы зардап шекті. Оның арасында 13 кәмелетке толмаған бала бар, соның 7-еуі оқушы.

Алайда, тұрғындардың айтуынша, 15-ке жуық үйді от шарпып өткен. 2-еуі ресми сатистикаға ілікпей қалыпты.

Баспанасыз қалған тұрғындарға еріктілер киім-кешек жинап, азық-түлік апарып беруде. Әкімдік әр отбасыға алғашқы көмек ретінде тартылған қаражат есебінен 200 мың теңгеден бөлді. Сондай-ақ зардап шеккендерге әлеуметтік көмек  ретінде 214 мың теңге берілмек. Дүние-мүлкінен айырылған тұрғындар бұл қаржымен үйлерін қайтып тұрғыза алмайтынын айтып шағымдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу