Қостанайда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылусыз қалдырған апат жойылды

929

Қостанайда әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді жылусыз қалдырған апат жойылды

Қостанайда жылу жүйелерінде орын алған апат өткен түнде жойылды, деп мәлім етті қалалық әкімдік. "Құбыр желісіндегі жөндеу жұмыстары кеш қарая аяқталды.  Түнде үйлерге жылу берілді. Қазіргі таңда барлық нысандар жылу көзіне қосулы", – деді "Интерфакс-Казахстан" агенттігіне қала әкімдігіндегілер.

Бұған дейін хабарланғандай,  өткен сейсенбіде апатқа байланысты қалалық жылу-электр кешені облыстық аурухана, қалалық және облыстық перзентханалар, педагогикалық институт, орта мектеп, қалалық әкімдік пен  53 көпқабатты тұрғын үйге жылу  мен ыстық су беруді доғарған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу