Қостанайда Antares Limited қаржы пирамидасы анықталды

713

Ұйымдастырушылар компанияға қолма-қол 100 доллар немесе одан да көп инвестиция салғандарға күнделікті 0,5-2% пайда табады деп уәде берген. 

Қостанайда Antares Limited қаржы пирамидасы анықталды

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанайда Antares Limited пирамидасы анықталғаны туралы хабарлады, деп жазды inbusiness.kz

ҚМА мәліметінше, ұйымдастырушылар компанияға қолма-қол 100 доллар немесе одан да көп инвестиция салуға шақырған. Сол арқылы салымшылар күнделікті 0,5-2% көлемінде кепілдендірілген пайда табады деп уәде берген. 

"Қазіргі уақытта сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – деп жазылған хабарламада.

Ведомство азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.

"Қаржы пирамидалардың басты мақсаты – капиталды тез ұлғайту жолын ұсына отырып, сенгіш азаматтардың есебінен ақша табу", – деп ескертті ҚМА.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу