Қостанайда аптап ыстықта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады

338

Шектеу 2026 жылдың 1 маусымы мен 15 тамызы аралығында ауа температурасы 25 градустан асқан кезде күшіне енеді.

Қостанайда аптап ыстықта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады Фото: ЖИ

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қостанай облысындағы филиалының мәліметіне сәйкес, жаз мезгілінде республикалық маңызы бар жолдарда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ережеге сәйкес, сағат 11:00 мен 21:00 аралығында бір өске түсетін жүктеме салмағы 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына тыйым салынады.

"ҚазАвтоЖол" өкілдерінің айтуынша, бұл шара асфальт жабынының бүлінуіне жол бермеу үшін қажет. Қазірдің өзінде республикалық маңызы бар трассаларда ауыр жүк көліктеріне қатысты уақытша жол белгісі орнатылған.

Тасымалдаушылар мен жүргізушілерден жолдың бағытын алдын ала жоспарлап, ережені бұзбау керегі ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу