Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушісі суға батып кетті

325

Қайғылы оқиға жылыжай кешені маңындағы шомылуға рұқсат етілмеген жерде болған.

Қостанайда балалар үйінің тәрбиеленушісі суға батып кетті Фото: aikyn.kz

Қостанайдағы "Жанұя" балалар үйінің 14 жастағы тәрбиеленушісі достарымен бірге өзенге барып, суға батып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үш жасөспірім тәрбиешіден футбол алаңына барамыз деп рұқсат сұраған. Алайда олар футбол алаңына емес, өзенге балық аулауға кеткен.

Балық аулап жүрген кезде жасөспірімдердің бірінің қармақ жібі шатасып қалған. Ол жіпті шешуге тырысып, суға кіргенімен, өздігінен жағаға шыға алмай қалған. Күшті ағыс баланы алып кеткен.

"Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жүргізген іздестіру жұмыстары барысында марқұмның денесі су айдынының түбінен табылып, жағаға шығарылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Қостанай облысының ТЖД.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу