Қостанайда браконьерлермен күрес шарасы жүріп жатыр

1062

Қостанайда браконьерлермен күрес шарасы жүріп жатыр

Қостанай облысында "Броконьер" жедел-профилактикалық шарасы жүргізілуде, деп хабарлайды egemen.kz.

Осы шара аясында Ұзынкөл ауданындағы учаскелік инспектор Преснегорьков ауылы жанынан  өтіп бара жатқан "Ауди-80" жеңіл көлігін тоқтатады. Көлік ішіндегі екі адам да күдікті көрініп, жүксалғышын  тексергенде, жаңа ғана осы ауыл маңынан атылған елік табылды. Көрші ауылдың 33 және 37 жастағы тұрғындары ұсталды.

Полицейлер броконьердің  бірінен  "ТОЗ-34Р" маркалы қосауыз мылтықты патрондарымен қоса тәркіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу