Қостанайда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды

538

Қалада жолақы құны 2017 жылдан бері өспеген.  

Қостанайда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды Фото: inform.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанайда қоғамдық көлікте жол жүру құны қымбаттайды, деп жазады inbusiness.kz Қостанай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Әділет министрлігі тарифті көтеру туралы қаулыны тіркеген.

Осыған сәйкес, келер жылдан бастап автобустарда жол жүру құны қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде 100 теңгені құрамақ. Қолма-қол төлем 170 теңге болады.

"Бұдан бөлек 1 қаңтардан бастап барлық қала маңындағы маршруттарда сараланған тариф қолданыла бастайды. Қала маңындағы автобустарда төлем келесідей болады: Тобылға дейін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – 110 теңге, қолма-қол төлем – 190 теңге. Заречныйға дейін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – 120 теңге, қолма-қол төлем – 210 теңге", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу