Қостанайда коммуналдық қарызын төлемегендердің дүние-мүлкі тәркіленуде

794

Өйткені тұрғындардың жылу мен ыстық су үшін қарызы бүгінде 600 миллион теңгеге жеткен.

Қостанайда коммуналдық қарызын төлемегендердің дүние-мүлкі тәркіленуде

Монополистердің уәжіне құлақ асар болсақ, төлемдердің дер кезінде жүргізілмеуі компания жұмысына нұсқан келтіруде. Ал қарыздың қордалануы құбыр жөндеу, алдағы қысқа әзірлік науқанына кесірін тигізеді, деп хабарлайды Atameken Business..

Жылу маусымын қарызсыз, ойдағыдай аяқтауға талпынған компания өкілдері борышкерлерге алдымен ескерту парағын таратуда. Ал оны пысқырмағандармен күресуге сот орындаушылары жұмылдырылған. Жеке сот орындаушылары борышкерлердің дүние-мүліктерін бұғаттап, тіпті шекарадан аттап баспайтындай етіп шектеу қойып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу