Қостанайда "Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи сериалының түсірілімі басталды

404

Туындының сценарий авторлары – Мұрат Есжан, Ұларбек Нұрғалым және Ұшқын Сәйдірахман.

Қостанайда "Міржақып. Оян, қазақ!" тарихи сериалының түсірілімі басталды

Тарихи сериал Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының өмірі, шығармашылығы мен саяси күресі жайында. Сол замандағы айтулы оқиғаға негізделген. Режиссер Мұрат Есжан былтыр көптің назарына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы сериал ұсынып, көрермендерден жоғары баға алған болатын деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы екі күні бойы шығармашылық топ Қостанай қаласында түсірілім жасайды. Ол үшін қаладағы тарихтан сыр шертетін көне ғимараттар арнайы таңдалған. Түсірілім жұмыстары Міржақып Дулатұлының туған жері Жангелді ауданы, Қызбел ауылында да жалғаспақ. Ол жерде Міржақыптың балалық шағы мен алғашқы үлкен өмірге қадам басқан сәттері видеоға таспаланады.

"Өткен жылы "Ахмет. Ұлт ұстазы" киносын түсіргенде оның туып-өскен жері Торғайдың назардан тыс қалғанына сын айтылды. Көптеген көрермендер бұдан былай мұндай қателікке жол бермеуді өтінді. Сондықтан бұл жолы біз ақын Міржақып Дулатұлының туған жерінде түсірілім жасауды ұйғардық", – дейді телехикаяның режиссері Мұрат Есжан.

Жоба бас продюсері Айсәуле Әбілдаеваның айтуынша, 6 cериядан тұратын туындыға қажетті декорацияны таңдау үшін шілде айында Қостанайға келіпті. "Міржақып" сериялының түсірілімі 17 тамызда Алматы облысында басталды. Ол өлкеде біз ең көп материал жинадық. Қостанай жеріне келуіміздің басты себебі – тарихи туындыға өң беретін негізгі сәттерді түсіру.

Сериалда Міржақыптың рөлін актер Бақыт Қажыбаев, ал жары Ғайникамал рөлінде актриса Зарина Кармен. Сериалда Әлихан Бөкейханов рөлін Бауыржан Қаптағай, Ахмет Байтұрсынұлын Байғали Есенәлиев сомдайды.

Туынды Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұлттық арнадан көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться