Қостанайда мұғалімсіз оқытатын IT-мектеп ашылды

382

Қостанайда жаңа форматтағы IT-мектеп жұмысын бастады.  

Қостанайда мұғалімсіз оқытатын IT-мектеп ашылды Фото: gov.kz

Tomorrow School деп аталатын жоба дәстүрлі білім беру жүйесінен өзгеше: мұнда мұғалім де, баға да, кәдімгі лекция да жоқ.

Жоба Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті базасында ашылды. Оқу процесі қатысушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуына негізделген. Студенттер тапсырмаларды бірге орындап, өзара тексеру арқылы білім алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мектепте бағдарламалауды бұрын оқымаған адамдар да оқи алады. Жобаға 18 жастан асқан кез келген адам қатысуға мүмкіндік алады. Оқу тегін, ал кампус тәулік бойы ашық болады.

Бағдарлама IT саласындағы нақты тәжірибеге бейімделген. Қатысушылар тек код жазуды емес, командамен жұмыс істеуді және практикалық міндеттерді шешуді үйренеді.

Жоба авторлары бұл бастама өңірдегі IT экожүйесінің дамуына серпін береді деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу