Қостанай облысында боранға байланысты жолдар жабық

149

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы хабарлады.  

Қостанай облысында боранға байланысты жолдар жабық Фото: www.ng.kz

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың бірі саналатын "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" тасжолында қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 03:00–де қолайсыз метеожағдайға байланысты "Қостанай – Әулиекөл – Сұрған" автожолының 8-218 шақырымы аралығындағы учаскесінде (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы) дизельді және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол қызметтері аталған бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Қазіргі таңда жолды 2026 жылғы 26 қаңтар сағат 09:00–де ашу жоспарланған. Алайда бұл шешім ауа райының жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу