Қостанайда оқушылар мінген автобус өртеніп кетті

282

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген "Газель" автокөлігі жанып кетті.

Қостанайда оқушылар мінген автобус өртеніп кетті Фото: ТЖД

Арқалық – Торғай автокөлік жолында мектеп оқушылары мінген "Газель" автокөлігі жанып кетті. Ішіндегі балалардың бәрі дін аман. Көлік түтіндей бастағанда-ақ жүргізуші мен мұғалім шәкірттерді түгелдей сыртқа шығарып үлгерген, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Бүгін сағат 09:00-де Арқалық – Торғай автокөлік жолының бойында, Мирный ауылынан 15 шақырым жерде  "Газ 322131-288" көлігі өртенді деген хабар түсті. 66 оқушы, 3 волонтер, 6 мұғалім, 1 медицина қызметкері, 1 инспектор мінген төрт көлік ауыл оқушыларына арналған "IQanat" олимпиадасына бара жатқан", -  делінген ТЖД таратқан мәліметте.

Дұрыс әрі шұғыл шешім қабылдай білген жүргізуші мен мұғалімдердің жедел қимылының нәтижесінде 14 оқушы жанып жатқан "Газельден" дер кезінде эвакуацияланып, лекке ілесіп келе жатқан 3 автокөлікке отырғызылған.

Балалардың өмірі мен денсаулығына еш қауіп төнген жоқ. Өрт сағат 10-нан 25 минут кеткенде сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу