"Балаларының көзінше": Қостанайда ескерту жасаған полицейді өлімше етіп ұрған

147

Оқиға қызметкердің жұмыстан тыс уақытта, балаларымен бірге жүрген кезінде болған.   

"Балаларының көзінше": Қостанайда ескерту жасаған полицейді өлімше етіп ұрған Фото: бейнежазбадан

Қостанайда қоғамдық тәртіпті бұзғандарға ескерту жасаған полиция қызметкері соққыға жығылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол формасын киген күйде алкогольді мас күйінде жүрген азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін ескерткен.

Алайда ескертуге агрессивті жауап қайтарған топ ер адамға шабуыл жасап, күш қолданған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуылға қатысқандар оқиға орнында анықталып, ұсталды.

Аталған дерек бойынша мемлекеттік қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу