Қостанайда саяжайларды кәріз суы басып қалды

104

Кейбір ауладағы су деңгейі тізеден асады.  

Қостанайда саяжайларды кәріз суы басып қалды Фото: Видеодан скриншот

Кәріздік коллектор жарылып “Энергетик” бау-бақша бірлестігі лас судың астында қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ауаға таралған зәрдің өткір иісі қолқаны қабады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осы жолы ластану аумағы кеңейген. Аула, бақша, жертөле мен үйлерді лас сұйықтық басып қалды. Саяжайларда тұратын тұрғындар қыс таяғанда үйді су басып, далада қаламыз ба да алаңдап отыр. 

Әкімдік хабарлауынша, басты кәріздік сорғы станциясының аумағында орта қысымдық коллектор жарылған. Станцияның технологиялық алаңы мен оған жақын орналасқан аумақ, соның ішінде “Энергетик”бау-бақша бірлестігінің учаскелері су астында қалған.

“Оқиға орнына жедел түрде “Қостанай Су” МКК мамандары келді. Апаттың салдарын шектеу үшін коллектордың негізгі тораптарындағы клапандар жабылды, жүйедегі қысымды азайту үшін апатты түрде ашылды”, – деп хабарлады әкімдік.

Жарылған жерден аққан су тоқтатылды. Су апатты резервуарға сорылып, аумақты тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу