Бұл туралы облыстың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.
Оқиға 2024 жылғы 14 наурызда болған – әйел балаға дене жарақатын салған.
Сот отырысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді – сот оның шын өкінуін және кәмелетке толмаған баласының барын жеңілдететін мән-жайға жатқызды.
Сот түсіндіргендей – аз және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қылмыстан келтірілген залалды өз еркімен өтеп, моральдық және өзге де зиянды жойған жағдайда бас бостандығынан айырылмайды.
Айыпталушының іс-әрекеті қылмыстық теріс қылықтар мен кішігірім ауыр қылмыстар санатына жатады.
Сот әйелді – кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамады және дәрменсіз күйдегі кәмелетке толмағанға әдейі жеңіл дене жарақатын келтірді деп таныды.
Үкім бойынша ол – алты ай мерзімге бас бостандығын шектеуге, 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмысқа байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыруға сотталды.
Сондай-ақ, пробациялық бақылауға алынып – жаза мерзімі бойы мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.